Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық жаттығу кезінде тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтауды сұрайды.
Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, сбъектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Осыған байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды.
“Баршаның назарына!” халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.