IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық кітапхана ассоциациялары мен мекемелері федерациясымен кездесу өтті. Қатысушылар 2025 жылғы IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресін Қазақстанда өткізу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, IFLA дүниежүзілік кітапхана қауымдастығына кітапханадағы ақпараттық қызмет көрсету саласы боцынша кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесуге мүмкіндік береді, халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастықты қолдайды.

Беделді іс-шараны ұйымдастыру үшін, IFLA Басқарушы кеңесі ұлттық қауымдастықтың бір топ сарапшыларын мүмкіндіктерді саралау үшін Қазақстанға арнайы жіберген. Конгерске 100 астам елден төрт мыңға дейін қатысушы келеді.

Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Әмірбекұлы IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын біріктіріп, кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын арттыратынына тоқталды. Сонымен қатар басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде аталмыш ауқымды іс-шараға көпшілікке қолжетімді кітапханалардың қатысуын қадағалап, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp