Антикор: Қазақстанда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

Антикор мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталған.

«Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан аса заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді. Уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізіліп, олардың бір бөлігі іске асырылды», – делінген хабарламада.

Арнайы ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылған.

«Өтінімдерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын төлеуді тексереді».

2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 миллиард теңге жиналған, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 миллиард теңге түскен. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде былтыр бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды.

Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудің арқасында емтихандарды тапсырған сыңай таныту тәуекелдерін едәуір азайтуға мүмкіндік туған.

«Жалпы, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу осы саладағы барлық қызметке оң әсерін тигізді. Бүгінде агенттік жүргізуші куәліктерін алу және көлікті тіркеу рәсімдеріне қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмысқа жемқорлыққа қарсы еріктілер тартылды».

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp