Қырғызстанда TikТok әлеуметтік желісіне кіруге шектеу қойылады

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.

Министрлік бұл шаралар МҰҚК хаты негізінде жасалғанын түсіндірді.

“Шешім шығаруға TikTok тарапынан “Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы” ҚР Заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстан Мәдениет министрлігі былтыр тамыздың аяғында Цифрлық даму министрлігіне TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жолдаған болатын.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp