Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.
– елде болу ережелерін бұзғаны үшін 4475 шетелдік;
– заңсыз жұмыс істегені үшін 2118 шетелдік;
– 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін;
– 2624 жеке және заңды тұлға өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.
Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Барлық депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды.