Семейдің 5 көшесі су астында қалды

Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалды. Бұл туралы Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша “Теплокомэнерго” МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.

Қосымша Садовая көшесіндегі арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.

Жұмыстарға ЖАО, Абай облысы ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Еріген суды сору жұмыстары аяқталды.

Абай облысының ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp