Кеденшілер пара алды деген күдікке ілінді: Антикор видео жариялады

Түркістан облысында кеден бекетінің қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видео жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, “Қазығұрт” кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүйелі негізде пара алу дерекетері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді”, – деді Антикор өкілдері.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp