Көлік кеңесінің отырысында халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды

Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь көлік министрліктерінің өкілдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлік кеңесінің 43-ші отырысы аясында кездесті.

Іс-шараға қатысушылар «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан»халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылап, аталған дәлізді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарастырды. Кездесу барысында тараптар биыл наурыз айының ортасында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге келісті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ШЫҰ-на мүше елдердің көлік форумы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстан министрліктерінің өкілдері «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» дәлізі туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар «Дарбаза-Мақтарал» жобасының іске асырылуын ескере отырып, қазақстандық учаскенің инфрақұрылымы осы дәліз бойынша жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp