«Құсбегілік» Ұлттық спорт түрінен өткен Халықаралық турнирге 100-ге жуық спортшы қатысты

Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақай Нүсіпбеков атындағы (Кіші Жалаңаш) ауылында «Құсбегілік» Ұлттық спорт түрі СӘРСЕНБЕК ДӘУЛЕТБАҚОВТЫ еске алуға арналған «САЛБУРЫН-2023» Халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Құсбегілік федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа 3 мемлекеттен 100-ге жуық спортшылар қатысқан болатын. 3-түрлі құстан сайысқа 55 бүркіт,14 қаршыға,11 ителгі бақтарын сынады. Жүлделі орындар:

Қаршыға құсы бойынша:
1-орын Бабажан Берікболсын «Қоймас» құсымен Жамбыл облысынан келген спортшы чемпион атанса, 2-орын Сейітжан Бекасыл «Көкжендет» Алматы облысының спортшысына бұйырды, ал 3-орын қос спортшы Махмудхан Заки «Мизам» құсымен Түркістан облысы және Қошқаров Арман «Сомбалақ» Атырау облысының спортшылары қанжығалады.

Ителгі құсы бойынша:
1-орын Астана қаласынан келген Серікбекұлы Ерасыл «Қаракөз» құсымен чемпион атанды, 2-орынды Бабажан Берікболсын «Каракөз» атты құсы Жамбыл облысының спортшысы иеленсе, жүлделі 3-орынды қос спортшы Абдулкаримулы Сармат «Сомбалақ» Атырау облысының спортшысы мен Аршабай Дәурен «Аққаба» құсымен Түркістан облысының спортшылары өзара бөлісті.

Бүркіт құсы бойынша:
1-орын Кунтуған Серікбек «Алғыр» құсымен Астана қаласының спортшысы турнир чемпионы атағын иеленді. 2-орын Абдулкаримулы Сармат «Каспий» атты құспен Атырау облысының спортшысына бұйырды. 3-орынды Шаймерден Әзен «Ерке» атты құсымен Жетісу облысының спортшысы және Самғат Ердана «Тұйғын» атты құсымен ШҚО спортшысы жүлдегер атанды.

Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp