Қазақстанда ойын мекемелерінің саны 50 еседен артық қысқарды

2023 жылдың басынан Мәдениет және спорт министрлігі ойын бизнесі саласындағы 6 лицензияның күшін сот тәртібімен тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлікте атап өткендей, 2022 жылы мемлекеттік бақылау аясында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 7 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 1 ойын автоматтары залы лицензиядан айырылды, бірінші инстанция соттың шешімімен үш залдың қызметі тоқтатылды, 6 әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, алдын-алу жұмыстардың қорытындысы бойынша 15 букмекерлік лицензияның күші жойылды.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерге 62 түзету енгізуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Бұл шаралар заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуге, жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдардың алдын алуға және ескертуге бағытталған. Құмар ойындарға тәуелдік мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Мемлекет кезең-кезеңімен іске асатын шешімдерді қабылдай отырып, осы бағыттағы жұмысты күшейтеді. Мәселен, Қазақстанда ойын мекемелерінің саны 50 еседен астам қысқарды. Бұған дейін елде 140-қа жуық казино және 2000-нан астам ойын автоматтары залы болған.

Бүгінгі таңда 39 лицензияланған мекеме қалды: 6 казино, 10 ойын автоматтары залы, 17 букмекерлік кеңсе, 6 тотализатор. Министрлік депутаттар тобымен бірлесіп заңсыз ойын бизнесімен және құмар ойындардың таралуымен күресу бағытында қосымша заңнамалық шаралар әзірлеп жатыр.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp