Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының IX Дүниежүзілік конференциясына қатысты

Қазақстан 13-14 маусымда Дакар қаласында (Сенегал) өткен өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының тоғызыншы Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Аталмыш конференцияға өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына қатысушы елдердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Конференция аясында өткен Көшбасшылар форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан баяндама жасады.

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы басқармасының төрағасы Хелен Кларкпен кездесті. Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастықты дамыту, ӨСАБ проблемалық мәселелері, сондай-ақ ӨСАБ-қа елдердің қатысуының маңыздылығы талқыланды.

Айта кетерлігі, 2007 жылдан бастап Қазақстан өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (Extractive Industries Transparency Initiative – EITI немесе ӨСАБ) іске асыратын ел болып табылады.

ӨСАБ – бұл мұнай, газ және тау-кен секторларында ашықтық пен Есеп беруге ықпал ететін жалпыәлемдік стандарт.

ӨСАБ-ты іске асыруды үйлестіру үшін елде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі басқаратын ӨСАБ-ты іске асыру жөніндегі мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі жұмыс істейді, құрамына сондай-ақ салалық министрліктердің (ЭӘМ, ЭЫДҰ, Қаржымині, АҚДМ, ҰЭМ), мұнай өндіру, тау-кен кәсіпорындары қауымдастықтарының және үкіметтік емес сектордың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кіреді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp