Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды

Сенатор Нұртөре Жүсіптің төрағалық етуімен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Жаңа Қазақстан: Жастар және жаңғырту» тақырыбындағы парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде жастар тақырыбы әрқашан күн тәртібінде тұрғанын, ал жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудің маңызын әсіресе қаңтар оқиғасы көрсетіп бергенін атап өтті. Сенатор өткен Үкімет сағаты барысында депутаттар бірқатар проблемаларды көтеріп қана қоймай, оларды шешу жолдарын ұсынғанын да еске салды.

Шараға Сенат депутаттары, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері қатысты.

Сенаторлар шара қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар жауапты мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетінін атап өтті. 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp