ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «таза парақтан» реттеуді жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Жиынға мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП және Цифрлық дамуды қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы» Заң аясында Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ бизнес қауымдастықпен бірлесе реттеудің 44 саласына талдау жасады.
Барлығы 2 823 нормативтік құқықтық актіге талдау жасалып, 128 119 талап анықталды, оның ішінде 10 108 немесе 7,9% талап жаңа реттеушілік саясатының негізгі шарттарына сәйкес келмейді.
Заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.