Бүгін Ақтөбеге қаласында Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралипиадасының ресми ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, спортшыларға ізгі лебізін білдірді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Спортпен шұғылдану еліміздің барлық азаматы үшін бірдей қол жетімді болуы тиіс. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттің міндеті. Бұл тұрғыда біз барынша қолдау көрсетуге әзірміз. Бүгінде Ақтөбе қаласына Рио және Токиода өткен Паралипиаданың жеңімпаз, жүлдегерлерінің келуі бізге үлкен абырой. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшыларымызға сәттілік тілеймін!», – деді ол.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралимпиадасы 10 – 30 мамыр аралығында Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында өтуде. Төрт жылда бір рет өтетін еліміздің Паралимпиадасына спорттың 10 түрінен 20 өңірден 1000 нан астам спортшы қатысады. Ақтөбе қаласында пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо және волейболды отырып ойнаудан жарыстар өтеді.