2023 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Еуропалық комиссияның Оңтүстік көршілер, Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және Орталық Азия бойынша басқарма басшысы Неле Эйххорнның төрағалығымен Қазақстан – ЕО Сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің 6-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Cауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырыста инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, 2022 жылы Еуроодақ елдерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі cоңғы 10 жылда рекордтық көрсеткіштерге жеткені атап өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі шамамен 23% – ға өсіп, $1 12,5 млрд құрады.
Бүгінгі таңда Еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания Shell, Eni, Total, Air Liquide, Alstom, Siemens, Linde Group сияқты әлемдік алыптарды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының түрлі секторларында табысты жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.