Мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жетті – Дархан Қыдырәлі

Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» интернет форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі.

Министр: «Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы үлесі арта түсті. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83 пайызды құрады. Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77 пайызға жетсе, баспа БАҚ-тағы – 85 пайыз, интернет-ресурстарда – 87 пайызға жетті», – деді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақ тілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да артып келеді. Қазақстандық ресурстарда PR мақалалардың орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте, интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.

«Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді министр.

 ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp