Әлихан Смайылов Иран Президентімен кездесті

Тегеранда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту мәселесі еліміздің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтті.

«Қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жыл екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижелерімен ерекшеленетініне сенімдімін», — деді Премьер-Министр.

Атап айтқанда, биыл Тегеранда ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек. Сонымен қатар сауда бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Қазақстанның Ирандағы елшілігіне арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp