Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жинақталған себептерді жоюға бағытталуы, деді спикер.
Оның айтуынша, қылмыс деңгейіне 250 фактор, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар әсер ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
«Статистика көрсеткендей, қылмыстардың 80%-ын жұмыссыздар жасайды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылардың жартысы еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды. Адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы мастық күйінде жасалады. Елордада қылмыстың жартысын сырттан келушілер жасайды. Бұл проблемаларды тек күштік әдістермен шешу мүмкін емес», – дейді ІІМ комитетінің төрағасының орынбасары.
Сондықтан тұжырымдама жұртшылықты, ҮЕҰ-ны, ұлттық және халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды белсенді тарта отырып әзірленеді. ІІМ сайтында ұсыныстар жинау парағы бар.
Тұжырымдама жобасы ІІМ Қоғамдық кеңесінің отырысында, халықаралық форумдар мен дөңгелек үстелдерде қаралды.
«Осылайша, тұжырымдама қоғамның заманауи және өзекті сұрауларын ескеріп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сай келетін болады», – деп қорытындылады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.