ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысының орынбасарына елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қатысты сұрақ қойды.
«Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Бас прокуратураның деректері жарияланып жатыр. Қазіргі кезде 670 млрд теңге қатарылды», – деді Е. Жамаубаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар былтыр күзде Бас прокурор Берік Асылов алыс шетелдерден 400 млн доллар қайтарылғанын айтты.