ЕАЭО аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 30 Шешімімен «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданылуы 2023 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы шешіммен 2023 жылғы 1 қазанға дейін бажсыз әкелу шегі құны 1000 еуроға баламалы сомадан аспайтын және салмағы 31 кг-нан аспайтын жеке пайдалануға арналған мына тауарларға қатысты қолданылатыны анықталды:

  • тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарлар;
  • алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін жолжүк әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар.

Осылайша, тасымалдаушы жеткізетін, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін, сондай-ақ алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін жолжүкте әуеден басқа көлік түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты 1000 еуро және 31 кг шегінде бажсыз әкелудің жоғары шегі қолданысын жалғастыруда және мұндай таурларға кедендік төлемдер салынбайды.

Көліктің әуе түрімен жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі әлі де 10 000 еуроны құрайды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp