Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді

2023 жылғы наурызда кедендік тексеру барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі. Таза салмағы – 356 кг болатын 54 449 дана «тағамға биологиялық белсенді қоспа» деген атпен дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) енгізуге тырысты – деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Кедендік сараптама нәтижесінде тауар «дәрілік зат» болып табылатыны және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.

Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауарлардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 234-бабында көзделген «экономикалық контрабанда» бұзушылық белгілері байқалады, осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

2023 жылдың басынан бастап Департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтады, айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.

Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp