Қазақстанда Машина жасауды дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспар әзірленуде

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бірлестік басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан саланы дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның ішінде машина жасау саласының өндіріс көлемін арттыру, инвестиция тарту, өндірістік және экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, отандық өнім үшін өткізу нарығын кеңейту және сала үшін білікті кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру шаралары бар. Кешенді жоспарды жүзеге асыру отандық машина жасау саласын дамудың түбегейлі жаңа деңгейіне шығарады деп күтілуде.

Кездесу барысында салалық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, машина жасаудағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және салықтық ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Мейрам Пішембаев Премьер-Министрді осы жылдың 11-12 мамырында өтетін Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Кешенді жоспарды әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар беріп, саланы дамытуда бизнес-қоғамдастығының нақты ұсыныстарына баса назар аудару керектігін атап өтті.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp