2023 жылғы наурыз айында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін қолдануға азаматтардың жіберген өтінімін қарастыру нәтижелері туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
3 наурыздан азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталды, бүгінгі күнгі жағдай бойынша (2023 жылдың 31 наурызы) 34 мыңнан аса өтініш келіп түсті.
Негізінен арыздар eGov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы (94%), e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түсуде.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары азаматтың келесі талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді:
- банктер, микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз 5,5 млн.теңгеден аспауы (1600 АЕК);
2) қарыздың өтелмеуі 12 айдан асуы;
3) ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);
4) банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.
Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі.
Аталған негіздерге сәйкес келу тіркейтін мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы «Qoldau» Жеке тұлғалардың банкроттығы Ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүргізіледі.
Бүгінгі күні 10382 арыздардың тексерілуі аяқталды (бұл барлық келіп түскен арыздардың 30%), нәтижесінде, 2 670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды, бұл барлық жүгінгендердің 26% құрайды.
Оның ішінде 375 тұлға атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, 985 азамат қарызын 5 жылдан артық уақыт өтемеген.
Аталған борышкерлер бойынша мәліметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.
7340 арыз бойынша азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарламаны 1414 сервисі арқылы телефондарына алды.
Бас тартудың негізгі себептері:
- Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;
- Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алушы екендігін растаған жоқ;
- 1463 тұлға жұбайының болу фактісін көрсетпеді, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ;
- Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 1349 тұлғада меншік құқықығында жылжымайтын мүлік бар;
- Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 941 азаматта жер учаскілері бар;
- 789 азаматтарға автокөлік тіркелген (Ішкі істер министрлігі мәліметі).
Осындай, рәсімді қолданудан бас тарту туралы Хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттықтың негіздеріне сәйкес келгенде арызды қайтадан 3 айдан кейін беруге болады.
Скорингтің сапасы деректер базасындағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығына» тікелей байланысты болғандықтан, ол үшін жауапкершілікті деректер базасының иелері – тиісті мемлекеттік органдар екенін алатынын атап өткен жөн.
Бас тартудың себептерін жою үшін тиісті мемлекеттік органға жүгіну қажет:
- кредиттің сомасы, оны өтеу мерзімдері бойынша – тиісті банкке, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлік агенттікке;
- мүліктің бар болуы, заңды тұлғаларда қатысу бойынша – Әділет органдарына (ХҚКО, Электрондық Үкімет порталы);
- автокөлік бойынша – Ішкі істер бөлімдерінің аумақтық бөлімшелеріне немесе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (бар болған жағдайда);
- жер учаскілері, ауыл шаруашылық жануарлары және арнайы техника бойынша – жергілікті акиматқа;
- жеке кәсіпкерліктің болуы бойынша – Мемлекеттік кірістер органдарының аудандық бөлімшелеріне.
Егер де борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс рәсімінен бас тартылған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуге болады (Заңның 6, 20-22-баптары).
Жоғарғы Соттың мәліметтеріне сәйкес бүгінгі күні төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен 139 тұлға жүгінді.
Рәсімді қолдану бойынша ұйғарым 1 азаматқа қатысты ғана шығарылды (БҚО), 84 арыз қайтарылды.
Бүгінгі күні қаржы басқарушысы ретінде қызметтің басталуы туралы хабарламаны 176 тұлға берді.
«Назарларыңызға сала кетейін, соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылып, осы тізілімде тұрған азаматтар рәсім барысында да, банкрот деп танылған күннен бастап бес жыл ішінде де банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алмайды», – деп ескертті Е. Біржанов.