Еңбекмині марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындауды толығымен автоматтандырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және Еңбекминінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.

Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер де көп балалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.

Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету  кезінде де енгізуді көздеп отыр.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp