Сенаторлар салық жеңілдіктері жүйесінің тиімділігін арттыру жұмысын қолға алды

Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов отырысты аша келіп, мемлекеттік аудит нәтижесіне сәйкес және салық жеңілдіктері жөніндегі салық саясатын қалыптастыру барысында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін талдау және бағалауда бірқатар жүйелі кемшіліктер анықталғанын атап өтті.

«Салық кодексі тиімсіз және жұмыс істемейтін жеңілдіктерді оңтайландыру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді талап етеді, өйткені мемлекет мұндай жеңілдіктерден бюджетке салық түсімдерін алмай-ақ елеулі шығынға тап болады. Комитет осы бағыт бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылы АЭА қызметінің тиімділігі туралы бірқатар ірі шаралар, оның ішінде көшпелі шаралар өткен болатын. Онда біз теңсіздік туғызатын және бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтаған едік», – деді сенатор.

Жоғары аудиторлық палатаның өкілі шара барысында салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында оларды тексеру қорытындысы туралы парламентшілерге айтып берді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, энергетика, сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері өз кезегінде депутаттарға тиісті салаларда салық жеңілдіктерін беру туралы баяндады.

Сенаторлар кездесуге қатысушылардың баяндамаларын тыңдай келіп, салықтық жеңілдіктер жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Олардың ішінде: салық есептілігінің нысандарын нақтылауды – Қаржы министрлігіне, тек қарыздар бойынша провизиялар бойынша шегерімдерді сақтай отырып, салық салу мақсаттары үшін провизиялар құру жөніндегі тәсілдерді қайта қарауды – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдады.

«Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға арналған ҚҚС бойынша жеңілдіктердің, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдар үшін КТС, мүлік салығы, жер салығы бойынша жеңілдіктердің тиімділігі мен баға белгілеуге әсерін талдауды ұсынуы қажет. Ұлттық экономика министрлігі Жаңа Салық кодексінің жобасы аясында Қазақстанда өндірілмейтін бірқатар тауарларды жекелеп босатуды ұсына отырып, есепке жатқызу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу тетігін жою жөніндегі нормаларды ескеретін болсын», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Парламентшілер әзірлеген осы және басқа да бірқатар ұсыныстар Үкіметке және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp