Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp