Дулати университетінің киіз үйі республикалық этнофестивальде үздік шықты

Шымкент қаласында өткен «Great Qasaq Games» республикалық фестивалі – Ұлыс күнін ұлыс болып тойлаудың ерекше үлгісі болды.
Этнофестивальде барлық 17 облыстан киіз үй тігіліп, ұлттық өнерді көпшілікке паш етті. Жасау-жабдығымен жасанған ақбоз үйлерге ішінде жайылған дастархан, ұлттық тағам түрлері, киіз үй алдында өнер көрсеткен өнерпаздар бәрі-бәрі бір-бірін толықтырып, ұлттық өнердің ұлылығын көрсетті.
Этнофестивальге келушілердің Жамбыл облысының атынан киіз үй тіккен Дулати университетінің өнер туындыларына таңданып, таңдай қақпағаны кемде-кем.
Этнофестивальдің қорытындысы бойынша да әділ қазылар осыны ерекше атап өтті. Жамбыл облысы этнофестивальдің жеңімпазы атанды!
Бірнеше күнге созылған фестиваль  ұлттық спорт түрлері, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық шығармашылық секілді төрт номинация бойынша байқау форматында өткен болатын.
Сонымен қатар шеберлік сағаттары, қолөнершілердің көрмелері мен жәрмеңке өткізілетін 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл бой көтергенін айта кеткен жөн.
Дереккөз: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp