«Жүрек жылуы» акциясы: елорда тұрғынына Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды

Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі. Гүлжахан Сыдықова Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp