Білім және ғылым министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады.
«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия қосымшаға сәйкес құрылсын», – делінген Жарлықта.
Мемлекеттік комиссия 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде атап өтуді қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын 2021 жылдың 1-қарашасына дейін мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді қамтамасыз етсін», – делінген Жарлық мәтінінде.
Мемлекеттік комиссия 2021 жылдың 1-желтоқсанына дейін Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуі тиіс.
Мемлекеттік комиссия құрамына кіретіндер:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) ;
Мемлекеттің өңірлік саясаты саласындағы жұмысты үйлестіретін Қазақстан; Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Ұлттық экономика министрі;
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
Бұдан бөлек, мемлекеттік комиссияның құрамына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың әкімдері, ғылыми институттардың басшылары, ЖОО ректорлары, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ төрағасы кіреді.
Жарлық жобасы 9 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Алаш-ақпарат