Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде айтты.
«Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады», – деді Ақтоты Райымқұлова.