20 жылдары Америкада хит болған Turkestan музыкалық туындысының пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды.
Бұл жайында мәлімет Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сөзі – Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасы – Джек Стерн (Jack Stern).
Орындайтын – American Quartet тобы.
Аталған әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылған.
Бұған Түркістандағы Farab кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде қол жетті.
Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін.
Бұл ән 1919 жылы Бродвей хиті болған.