Зачаганск кенті «Алаш» болсын!

«DANAqaz» тарихи-танымдық журналының бас редакторы Нұрлан Сәдір Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінің атауын «Алаш» деп өзгерту туралы мәселе көтерген еді. Бұл бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бірақ, әлі нақты нәтиже болмай тұр. «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі, белгілі журналист Қазыбек Құттымұратұлы да идеялас әріптесінің бастамасын қолдап,  Зачаганск кентін «Алаш» деп өзгертуге толық негіз барын және оны нақты дәлелдермен айқындауға да болатынын айтады.

«1. Бұл мәселе соңғы бір-екі жыл мұғдарында талқыланып келеді. Былтыр Орал қаласы әкімдігінде өткен дөңгелек үстел отырысында бірнеше нұсқа (Алаш, Бөкей, Жұбан, т.б.) талқыланған кезде басым көпшілік «Алаш» (Алашкент, Алашорда) атауын таңдады.

  1. Зачаганск кентін «Алаш» атауына өзгерту жөнінде бірнеше жүз адам қол қойып, тиісті орындарға тапсырған хат бар.
  2. Бөкей ханның атында Бөкей орда ауданы бар. Зачаганск кенті де көп ұзамай жеке аудан статусын иемденбек. Сонда бір облыста бір адамның атында екі аудан болуы ақылға сыймайды.
  3. Жалпы, адам есімін – мекеме, ұйымдарға берген дұрыс. Ал жер-су атауына кең мағына беретін жалпы есімдер қолайлы.
  4. Алаш – бар қазақтың жүрегіне жақын, тарихи коды бар, рух шақыратын атау. Зачаганск кентінде жүздеген Алаш қайраткерінің атында көше бар. Бір-бірімен үйлесіп тұр. Зачаганск кенті «Алаш» болсын!», – дейді Қазыбек Құттымұратұлы.

 

 

 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp