Бүгін – Оспан батыр атылған күн

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) 20 ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы. 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. Көзі тірісінде Батыс тарапынан «қазақтың алтын аңызы» деген атаққа ие болған батыр Орта жүз, Керейдің молқы əулетінен шыққан.

1951 жылдың 29-сәуірінде Үрімжіде өлім жазасына кесілген.

Оспан батыр қапыда тұтқын болғаннан кейін тізгін ұшымен Үрімжіге жеткізіліп, сол кездегі Дихуа әскери трибуналының (қазіргі Үрімжінің Лаоманьчэн аумағы) абақтысына қамалады. Ертесінде Ошыңды Дихуа әскери округінің бас қолбасшысы Ло Юаньфа өзі тікелей тергейді. Батыр жауап беруден бас тартады. Тергеу аяқталған сәтте, Оспан батыр есіктен шығып бара жатып жалт бұрылып, «Екі тілегім бар еді, рұқсат етерсіңдер» дейді. Ло Юаньфа «Айт, қолымыздан келсе орындаймыз» дейді. Сонда ол «Мен мұсылманмын, бес уақыт намазымды қаза етпеуге жағдай жасасаңдар. Енді бірі түзде көп жүрген адаммын, абақтының тынысы тар екен, әр күні аулаға шығып, ауа жұтып тұрсам» дейді. Ло Юаньфа келісімін береді. Қытайлық жазушы Ван Юихудың жазуынша, Оспан күніне үш мәрте алаңға шығарылып тұрған, кейде намазын алаңда оқиды екен, жарықтық.

1951 жылдың 29 сәуірінде Оспан батырға өкім шығарылады. Өкімді Шынжаңның сол кездегі басшысы Бұрһан Шахиди (төртінші сурет) жариялайды. Өлім жазасы сол күні орындалған.

 

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp