[:kk]Алматы облысында үздік мәдениет үйі, музейлер мен кітапханалар мараппаталды[:]

[:kk]Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру жолында облысымыздың барлық аудандарында, елді мекендерінде қолдау тауып, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың, ауылдық кітапханалар мен музейлердің жұмысын жандандыру мақсатында Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» атты онлайн байқауы ағымдағы  2020 жылдың қазан-қараша айларында ұйымдастырылып өткізілді.

Облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың, ауылдық кітапханалар мен музейлердің түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстырып, материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар ауданаралық, ауыларалық рухани-білімділік пен мәдени байланысты  нығайтатын байқаудың басты мақсаты ауылдық мәдениет үйінің, ауылдық кітапхананың, аулдық музейдің жұмысын жандандыру, ауыл тұрғындарының рухани дамуына көңіл бөлу.

Алматы облысында аудан, қала мәдениет күндері 11 рет өткізілді. 2006 жылдан бері мәдениет күндерін өткізу арқасында 47 көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық», «Үлгілі» атақтары берілді. Үйірме саны артып, 120-ға жуық жаңа көркемөнерпаздар ұжымдары құрылды. Көркемөнерпаздарға жаңадан сахналық киімдер тіккізіліп, музыкалық аспаптар сатылып алынды. 2011 жылдан бастап барлық аудан, қалаларға 95 дыбыс аппаратурасы берілді. Бас жүлде иегерлері Газель, УАЗ автокөліктеріне ие болды. 2015 жылы аудан, қала мәдениет күндерінің 10 жылдығына байланысты  2 автокөлік берілді. Барлығы 12 автокөлік, 27 млн 200 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

2017 жылдан бастап (4 жыл) ауылдың мәдениетін жандандыру, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткізіліп келеді. 2017-18-19-20 жылдары 116 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар,   20 ауылдық кітапхана, 10 музей байқауға қатысып, 57 компьютер, 67 дыбыс аппаратурасы және 7 млн 200 мың теңге қаржылай сыйлықтар берілді.

2020 жылы «Ауылым – алтын бесігім» байқауының форматы өзгеріп, онлайн түрінде өткізілді.

2020 жылы 20 мәдениет үйлері мен клубтар, 20 ауылдық  кітапхана,    10 ауылдық музей қатысып, үздіктерге 17 дыбыс аппаратурасы,                      13 компьютер берілді. Барлығы: 162 дыбыс аппаратурасы, 57 компьютер.

Биылғы «Ауылым алтын бесігім» атты ауыларалық байқауға белсене қатысып «Үздік» деп танылған ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, ауылдық музей анықталып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында марапатталғандар.

Байқау талаптарына сай төмендегі 17 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар (15 ауылдық мәдениет үйі  2 ауылдық клуб) белсене қатысқаны үшін дыбыс аппаратураларымен марапатталды:

  1. Ақсу ауданы, Көкөзек ауылдық мәдениет үйі
  2. Алакөл ауданы, Көктұма ауылдық мәдениет үйі
  3. Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық клубы
  4. Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық мәдениет үйі
  5. Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық мәдениет үйі
  6. Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылдық мәдениет үйі
  7. Іле ауданы, Чапаев ауылдық мәдениет үйі
  8. Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық мәдениет үйі
  9. Кеген ауданы, Алғабас ауылдық мәдениет үйі
  10. Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылдық мәдениет үйі
  11. Көксу ауданы, Мәмбет ауылдық мәдениет үйі
  12. Панфилов ауданы, Үшарал ауылдық мәдениет үйі
  13. Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылдық мәдениет үйі
  14. Талғар ауданы, Нұра ауылдық мәдениет үйі
  15. Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі
  16. Текелі қаласы, Металлург ауылдық клубы
  17. Талдықорған қаласы, Еңбек ауылдық мәдениет үйі

Белсене қатысқандары үшін төмендегі 3 ауылдық мәдениет үйлері компьютермен марапатталды:

  1. Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылдық мәдениет үйі
  2. Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық мәдениет үйі
  3. Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылдық мәдениет үйі

20 ауылдық кітапханалардың ішінде «Үздік» деп танылған  5 ауылдық кітапхана компьютермен марапатталды:

  1. Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов ауылдық кітапханасы
  2. Балқаш ауданы, Көктал ауылдық кітапханасы
  3. Сарқан ауданы, Бақалы ауылдық кітапханасы
  4. Ұйғыр ауданы, Қалжат ауылдық кітапханасы
  5. Жамбыл ауданы, Б.Қыдырбекұлы ауылдық кітапханасы

10 ауылдық музейлер ішінде «Үздік» деп танылған 5 ауылдық музейі компьютермен марапатталсын:

  1. Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылындағы Ж.Жабаевтың әдеби мемориалды музейі;
  2. Ақсу ауданы, Қапал ауылындағы Ақын Сара мемориалды музейі;
  3. Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Шелек тарихи-өлкетану музейі;
  4. Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы, Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды музейі;
  5. 5. Сарқан ауданы, Лепсі ауылындағы М.Төлебаевтың мемориалды музейі.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp