[:kk]Ақтоты Райымқұлова Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын мерейтойымен құттықтады[:]

[:kk]

Қазақстан Республикасының Мəдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Alash24.kz

Іс-шараға Алматы қаласы əкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы Татьяна Барышникова да қатысты.

Өнер ұжымын мерейтойымен ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,  Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев, Парламент Сенатының төрағасы Нұрлан Əбдіров пен өзге де қоғам қайраткерлері құттықтады.

Ақтоты Райымқұлова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыстап, ел мəдениетін байытуға үлес қосып келе жатқан театрдың бірқатар артисін марапаттады.

Министр театр ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Сахнагер-2018» сыйлығының лауреаты Татьяна Тарскаяны мемлекеттер арасындағы достықты нығайтып, мəдени байланысты жандандыруға атсалысқаны үшін Ресей Федерациясы президентінің қаулысымен бекітілген «Достық» орденімен марапаттады.

Татьяна Тарская Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 1968 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін актриса 100-ден астам рөлді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Ресми құттықтау бөлімінен кейін театр ағылшын жазушысы Уильям Сомерсет Моэмнің «Театр» романының желісімен режиссер Ольга Бобрик дайындаған қойылымның премьерасын ұсынды.

Басты рөлді театр актрисасы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Наталья Бардина сомдады. Айта кетерлігі ұжым премьераны еліміздің барлық денсаулық сақтау саласының қызметкеріне арнады.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp