ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МЕДИЦИНАНЫ ЖАУЛАП АЛУДА: АСТАНАДА БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Astana Medical Forum 2024» халықаралықғылыми-практикалық конференциясы аясындаденсаулық сақтау, ғылым және жоғары білімсаласындағы сарапшылар медициналық білімберудің өзекті мәселелері мен перспективаларынталқылау үшін бас қосты.

2024 жылғы 14 қазан күні Астанада «21 ғасырдағы білім мен ғылымды дамытудың жаңакөкжиектері» атты пленарлық сессия өтті. Аталмыш сессия Астана медицина университетініңқабырғасында ұйымдастырылып, білім ордасының60 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Іс-шара медицина, ғылым және білімсаласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылардыбіріктіріп, ғылыми-білім беру процестерін дамытустратегияларын және жаңа инновациялардымедициналық білімге енгізу жолдарын талқылады.

Сессия модераторы — «Денсаулық сақтаусаясаты және менеджменті» кафедрасыныңпрофессоры, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақұлттық медицина университеті, «Республикалықмедициналық палата» ҚБ Басқарма төрағасыМақсұт Құлжанов болды.

Пленарлық отырысқа ҚазақстанРеспубликасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, C.Ж. Асфендияроватындағы ҚазҰМУ Басқарма төрағасыРекторыМарат Шоранов, Coventry University Kazakhstanпрезиденті Мирас Дәуленов, Назарбаев Университетінің медицина вице-президентімедицина мектебінің деканы Массимо Пиньателли, сондай-ақ «Астана медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Камалжан Надыровқатысты.

Пленарлық сессияда жаһандық технологиялықтрендтер аясында жоғары білім берудіңстратегиялық дамуы және ғылыми зерттеулердіңөзекті мәселелері талқыланды. Басты назарда –білім беру процестеріне жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды енгізу, медициналықкадрларды даярлауда симуляциялықтехнологияларды пайдалану жәнеинтеграцияланған академиялық жүйелердіқалыптастыру әдістері. Сонымен қатар, инновациялық қызметті ынталандыру, жасғалымдарды қолдау және бәсекеге қабілеттіғылыми инфрақұрылымды дамыту мәселелеріерекше атап өтілді.

Ғылым және жоғары білім вице-министріДархан Ахмед-Заки ғылыми-зерттеу қызметінжандандыруға бағытталған мемлекеттік қолдаушараларын атап өтіп, Қазақстан Республикасындажоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталды.

Өз кезегінде Марат Шоранов білім беру процестеріне жасанды интеллектті енгізумүмкіндіктерін атап көрсетіп, медициналықуниверситеттердің жаңа сын-қатерлергебейімделудегі рөліне назар аударды. МирасДәуленов цифрландырудың жоғары білім беру жүйесіне әсерін талдады.

Камалжан Надыров өз сөзінде студенттерсанын арттыру, материалдық-техникалық базанынығайту және білікті кадрлардың жаппай шетелгекетуін болдырмау мәселелерін ескере отырып, Астана медицина университетін трансформациялаустратегиясын ұсынды:

«Келесі қадам ретінде біз шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу, талапкерлерді іріктеудің жаңа тәсілдерін енгізу, ғылыми зертханаларды жаңғырту, соның ішінде ұжымдық пайдалану зертханасын, бизнес-инкубатор мен технопарк құруды көздеп отырмыз. Клиникалық базалармен өзара іс-қимылды нығайту интеграцияланған академиялық жүйені қалыптастыруға, сондай-ақ университеттік аурухананы іске қосуға ықпал етеді.

Барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды аяқтап, цифрлық университет құруды, студенттерге арналған жаңа жатақхана мен университеттің жаңа кампусын салуды жоспарлап отырмыз. Әрине, университетімізді халықаралық рейтингтерде танымал ету де маңызды міндет.

Осының бәрі жаңа ғимараттармен, жоғары білікті қызметкерлермен, заманауи клиникалармен және ғылыми инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген заманауи университет құруға және медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы инновациялар мен жаңа білімдердің халықаралық деңгейде танылған орталығына айналуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Камалжан Надыров.

2024 жылғы 14-15 қазан күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Astana Medical Forum 2024» конференциясы медицина, білім және денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатерлерді талқылауға арналған. Конференция аясында денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және ғылыми жетістіктер мен технологиялық инновацияларды ескере отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау үшін стратегиялық шешімдер әзірлеуге басымдық беріледі.

Айта кету керек, бірінші халықаралық ғылымипрактикалық конференция барысында бірнеше пленарлық отырыстар, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, түрлі форумдар және басқа да іс-шаралар өтуде.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp