[:kk]Театрдың өскелең ұрпаққа берер өнегесі…[:]

[:kk]Театр – адамның таным айнасының кеңейіп, тілдік және рухани дамуына пайдалы аудитория. Қазіргі қоғамда көкейде жүрген сұрақ XXI ғасыр жастары театрға қызығады ма? Ойлана келсек алаңдайтын сауал!

Театр өмірі, актёр өмірі өнер сатысының қиын баспалдағы. Қойылым тек қана ойнауды емес, көрермен көкейінен орын алуды талап етеді. Сыншы көзге барлығы оңай көрінгенімен, қойылымға дейінгі дайындық, төккен тер сахнада сынылады. Әр қойылымның қойылу мақсаты – ОЙ САЛУ. Көрермен түйген ойдан міндетті түрде қорытынды шығарады. Жақсылыққа асық болу немесе жамандықтан жеру. Демек, театр да адамзатты адамгершілікке, отансүйгіштікке және адалдыққа тәрбиелеуде.

Қазіргі жастардың шынайы өнерді түсіну деңгейі төмендеген бе? Әрине, көпке топырақ шашу жөнсіз. Қазіргі таңда театр ауласынан өнер өлкесінде жүрген жастарды ғана байқаймыз. (Театр көрермендерінің дені орта жастағы кісілер). Қойылым белгілі бір оқиғаға, дәлірек айтқанда шығармаға негізделгендіктен бұл орта көрерменнің әдеби және мәдени дамуына бағдар береді.

Қазіргі заманға керегі де осы… Егер баланы ерте жастан театрға жетелеп қойылым тамашалатып, сол қойылым төңірегінде әңгімелесіп, баланың театрға деген қызығушылығын оята отырып, көзқарасын байқауға болады. Бұл тәсіл балаға қойылым көрсетіп қана қоймай жан-жақты дамуына үлкен үлесін тигізеді. Демек, жасөспірімнің ойлау жүйесін және таным түйсігін ерте дамытады. Ұлы шығармаларды осы театр арқылы жастардың көкейіне орнатар болсақ әдеби құлдырамайтынымыз анық.

Осы мақсатта еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2010 жылдан бастап “Қуыршақ” театры дәстүрлі жұмыс жасап келеді. Талай бәсекелерде топ жарып жүрген бұл театрдың кішкентай көрермендерге берері мол. Жеткіншектер осындай тағылымды дүниеден үлгі алса, әр топта озық болары сөзсіз. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда «Номад» балалар театры жұмыс жасайды, яғни балаларға арналған қойылымдар өз кезегінде қойылып жатыр.

Елімізде дәстүрге айналған жыл сайынғы театрлар фестивалі тұрақты түрде өтеді. Осы дәстүр бойынша 2019 жылдың 20-25 қыркүйегінде Семей қаласында театр майталманы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығана орай театрлар фестивалі өтті. Бұл шарада қойылған қойылымдардың дені тарихи оқиғаларға арналды. Әр театрдың тыңғылықты дайындығы мен табанды орындауы көрермен көңілдерінен шықты. Дәл осындай қойылымдарды жас ұрпақ көріп, біліп өткені мен бүгінін санасына түйіп саралайтын болса ел болашағы қашанда жарқын.

Қорытындылай келе, театрдың өскелең ұрпаққа өнегесі мен түйсігіне түйіп берер тәрбиесі орасан зор.

Адамның даму жолында ықпал ететін бірден-бір фактор ол – орта. Әр шаңырақтағы тәрбие әрқашан жақсылыққа үндейді. Осы секілді театрда тәрбиеге қазық болатын үлкен орта.

Ой түйіп, одан қорытынды шығарып, өз мақсат мүддесіне дұрыс пайдаланса бұл да жетістік. Жастардың саны осындай мәдени ортада көбейер болса, қазақтың тәрбие дейтін қасиетті қара қазанының астындағы шоқтың сөнбейтіні ақиқат!

Абзалбеков Ақжігіт Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 1 курс студенті[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp