Атбасар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Атбасар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылда су тасқынының салдарынан жапа шегетін Атбасар қаласы биыл да қарғын судың астында қалды. Түн ішінде қауіптің алдын алу мақсатында қойылған дамбаларды бұзып өткен су қаланың шеткі аймағындағы үйлер мен екі бірдей білім ордасын басып қалды.

Жабай өзенінен арқыраған ағын су бүгін шамамен таңғы бес шамасында көтерілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше су деңгейі 7 метрге дейін көтерілген.

Мемлекеттік азаматтық қорғаудың жүйесінің 400-ден аса адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау және объектілермен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар дереу қолға алынды.

Ведомствоның мәліметінше қаланың №1 орта мектебі мен коррекциялық білім беру орны және бірнеше жер үй суға кеткен.

Құтқарушылар адамдарды эвакуациялау шараларын жүргізіп жатыр.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp