Жаңалықтар

Сәтбаев университетінің геологтары Кіші Қаратау жотасы тау жыныстарының нақты жасын анықтады

Кіші Қаратау жотасы тау жыныстарының пайда болғанына 820 миллион жыл болды – АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті (Балтимор қаласы) зертханасында қазақстандық ғалымдар жүргізген мамандандырылған геологиялық зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр.

Зерттеуге Сәтбаев университеті «Геология» кафедрасының жетекші ғылыми жобасымен доцент, PhD докторы Сезім Мұстапаева, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ерқожа Маманов, сондай-ақ «Геология» кафедрасының 2-курс студенті Айболат Талғатбек қатысты. Олар америкалық университеттің шақыруымен ол жақта 30 күндік тағылымдамадан өтті.

Джонс Хопкинс университетінің ғылыми құрал-жабдықтарын пайдалану, атап айтқанда: сканерлеуші электронды микроскоп (SEM), LA-ICP-MS қондырғысы арқылы U-Pb мерзімін анықтау әдісі, GasBench II пен MAT253 масс-спектрометрін қолдану арқылы δ13C изотопын зерттеу – Оңтүстік Қазақстан аумағындағы тау жыныстарының пайда болу процестері мен осы уақытқа дейін болған геологиялық өзгерістерге жан-жақты талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Тау жыныстарының пайда болу тарихының айтарлықтай артуы әртүрлі пайдалы қазбаларды ашудың жоғары әлеуетін көрсетуі мүмкін. Ал Джонс Хопкинс университетімен ынтымақтастықты нығайту академиялық салада жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ал алынған нәтижелер 2024 жылы өтетін «Сәтбаев оқулары» халықаралық конференциясында көпшілік назарына ұсынылады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button