Марғұлан университетінің қызметкерлері Кембридж университетінде оқу курсынан өтті

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қызметкерлері Ұлыбританияның әлемге әйгілі Кембридж университетінің Homerton college-де оқу курсынан өтті.

Атап айтқанда Қосымша білім беру институтының директоры Роза Жаева және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Бибігүл Нығметова жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын (PGCE) әзірлеу бойынша шетелдік ғалымдардың озық тәжірибесімен танысты. Айта кету керек, Марғұлан университетінің өкілдері бұл мүмкіндікке Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығымен ынтымақтастық аясында ие болды.

Курс аясында Кембридж университетінің білім беру факультетінің профессоры Элейн Уилсон білім берудің халықаралық үлгілерін, мұғалімдерді қайта даярлау бағдарламалары мен оқыту бағдарламаларын әзірлеудің тиімді әдістерімен таныстырды.

Сонымен қатар, PGCE сертификаттары бар Кембридж университетінің тәжірибелі оқытушылары Чарли Петтит пен Джо Хейвуд және Джек Хант мектебінің директоры Мартин Барвис мынадай бірқатар мәселелерге назар аударды:

«Басқа салада жоғары білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады?», «Дуальды оқытудың форматы қандай болуы керек?», «Мектептердегі тәлімгерлердің жұмысын қалай үйлестіруге болады?», «Педагогтардың біліктілігін арттыруда университеттің рөлі қандай?», «Мектеп және университет мұғалімдері арасындағы табысты серіктестікті қалай қалыптастыруға болады?» сынды тақырыптар бойынша Кембридж университетінің тәжірибесін ортаға салды.

Оқу нәтижесінде Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp