«Қазақтар 1917 жылға дейін болған жоқ» – Ресей мемлекеттік арнасының эфирінде мәлімдеме жасалды

22 қаңтарда «НТВ» телеарнасындағы «Место встречи» ток-шоуының эфирінде Михаил Смолин 1917 жылғы революцияға дейін қазақ ұлтының болмағанын мәлімдеді.

«Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде, алдымен РСФСР құрамында Қазақ КСР деп аталды, қазақтар мүлде болған жоқ. Содан кейін Қазақ КСР құрамында Қырғыз КСР құрылып, кейін оны РСФСР-ден бөлді. Онда ұлттардың қалыптасуы туралы шешімдер осылай ерікті түрде қабылданған. Мысалы, өзбектер революцияға дейін болмаған, ондай этникалық атау болмаған. Орталық Азияның бірнеше халықтарынан өзбектерді құрды. Әзірбайжандар да солай құрылды. Әзірбайжандар – деген ұлт жоқ», – деді ол эфир барысында.

Ал РФ СІМ келесідей түсініктеме берді.

«Аталған жағымсыз мәлімдемелер тек субъективті сипатқа ие, жаңа айтылған шындыққа еш қатысы жоқ және толығымен автордың өз ұжданында қалады», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова.

Михаил Смолиннің пікірінше, бүгін орыс халқының негізгі мақсаты – «православтық Ресей империясын» қайта жандандыру.

Ол 2017-2020 жылдары «Царьград» телеарнасында әр түрлі лауазымда қызмет еткен.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp