Samsung 2010 жылдан бері алғаш рет смартфондар нарығындағы көшбасшылығын жоғалтты. Ал 2023 жылдың соңында Apple көшбасшы болды, деп хабарлайды ranking.kz сарапшылары.
Apple смартфондарының үлесі 2022 жылғы 18,8%-дан 2023 жылы 20,1%-ға дейін өсті. Бір жылда Apple смартфондарының жеткізілімі 3,7% өсіп, 234,6 млн дананы құрады, ал Samsung смартфондарының жеткізілімі 13,6% азайып, 226,6 млн дананы құрады.
Үздік бестікте қалған орындарды қытайлық смартфондар мықтап алады. Осылайша, Xiaomi — 12,5%, OPPO — 8,8%, Transsion — 8,1% құрады. Басқа смартфон брендтері жалпы әлемдік жеткізілімдердің 31%-ын құрады.
Жалпы, ғаламдық смартфондар жеткізілімі 3,2% азайып, 2023 жылы 1,2 млрд дананы құрады.
Бұл статистиканы Statcounter GlobalStat деректері растайды: ай сайынғы динамикасын ескере отырып, Apple 2023 жылдың қаңтарында 27,6% үлесін алып, бүкіл әлем бойынша ұялы байланыс жеткізушілері нарығын басқарды және былтырғы көшбасшылығын сақтап қалды.
Apple смартфондарының ең үлкен үлесі — 31,44% — мамырда байқалды, ал 2023 жылдың желтоқсан айының соңында ол 28,8% болды. 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Samsung смартфондарының үлесі 24,15% құрады, ал Xiaomi 11,99% үлесімен үздік үштікті жапты.