2023 жылы Қазақстанның ҮЕҰ 7 гранттық жобаны іске асырды

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабардар етті.

2023 жылы Министрліктің қолдауымен 53 ҮЕҰ 67 гранттық жобаны іске асырды, оның ішінде 23 қысқа мерзімді (1 жылға), 28 орта мерзімді (2 жылға) және 16 ұзақ мерзімді (3 жылға) грант.

Гранттар жастар саясатын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, азаматтық қоғамды дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағыттары бойынша іске асырылды.

2023 жылы гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша:

– 120 мыңнан астам адам нақты көмек алды, оның ішінде 200-ден астамы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар;

– 330 жұмыс орны құрылды, оның 50-і мүгедектер үшін ашылды. Еңбекақы төлеудің жалпы қоры 280 млн. теңгеден асты;

– Әлеуметтік осал топтардан 2,7 мыңнан астам адам шаштараз, маникюр шебері, кондитер, тігінші, флорист, SMM және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтардың дағдыларын тегін игерді;

– 3 мыңнан астам заң және психологиялық кеңестер, сондай-ақ жұмысқа орналастыру және тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша кеңестер берілді;

– ҮЕҰ мен волонтерлердің әлеуетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоршаған ортаны қорғау, отбасылық құндылықтар саласында халықтың әртүрлі топтары арасында 500-ден астам оқыту іс-шаралары өткізілді. 16 мыңнан астам волонтер оқытылды.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар ағымдағы жылы іске асырылуын жалғастырады.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp