Елордада мықты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері анықталды

Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, бабадан балаға мұра боп қалып келе жатқан қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білу және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу – біздің ортақ парызымыз. Сол себепті мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен елорда төрінде «Тіл – халық мұрасы» атты фестивалі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шара Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай өтті.

Фестиваль аясында Астана қаласында «Өлең – сөздің патшасы» атты поэзия кеші, «Атаның сөзі – тәрбие көзі», «Ұлыларды – ұлықтау», «Ана тілің — арың бұл!» тәрізді акциялар қала тұрғындарының қатысумен өз мәресіне жеткен еді. Іс-шараның соңғы нүктесін Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылатын «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы қойды.

«Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ, ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Интеллектуалды сайыс 26 қыркүйек күні мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінен жасақталған  командалар арасында өтті. Quiz сұрақтарының барлығы тек қазақ тілі ережелеріне, тіл заңдылығына, қазақ әдебиетінің тарихы, өлең-жырларға қатысты жасақталған. Барлығы 16-дан астам команда бақ сынасты.

Команда нәтижелері автомат түрде есептеліп, әр тур нәтижелері жарияланып отырды.

Бірнеше сағатқа созылған сайыстың нәтижесінде «Алаш үміті» құрама командасы 1 орынды, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры – 2 орынды, «Елімай» Астана қалалық жарық ЖШС – 3 орынды еншіледі.

Сайыс жеңімпаздары Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  атынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 «Тіл – халық мұрасы» фестивалінің негізгі міндеті – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp