Астанада ұлы ғалым Әбу Әли ибн Синаның ескерткіші ашылды

Астанада Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ұлы ғалым әрі ойшыл Әбу Әли Ибн Синаның бюстінің ашылуы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан мен Тәжікстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері және т.б. қатысты.

Ұлы ғалым және ойшылға ескерткіш Астана қаласының Алматы ауданы А.Храпатый көшесі, 9 жанындағы саябақта орнатылды. Қола бюсті тәжік шеберлері жасаған, ал гранитті тұғырды елорда әкімдігі ұсынған. Ескерткіштің биіктігі – 3,1 м.

«Бүгін елдеріміздің арасында екіжақты қатынастар тарихындағы өте маңызды күн. Ибн Сина – бүкіл Орталық Азияның мақтанышы, сондықтан бұл ескерткіш біздің елдеріміз арасындағы терең тарихи байланысты көрсетеді. Монументтің ашылуы – бұл Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өтетін іс-шаралардың бірі. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кино көрсетілімдері, концерттер мен көрмелер өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp