Мемлекет басшысының Абай облысындағы табиғи өрттің салдарын жою жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде кеңес өтті

15 тамызда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мемлекет басшысының 2023 жылғы 11 маусымда Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында төтенше жағдайлар министрі, экология және табиғи ресурстар вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Абай ауданы әкімінің орынбасарлары қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау, төтенше жағдайлардың салдарын жою, қажетті орманды қалпына келтіру шараларын ұйымдастыру, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету, өрттердің алдын алу және өрт жою жүйесін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту және азаматтық қорғау органдарының кадрлық құрамын нығайту бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp