Жаңалықтар

Халал саласындағы реттеуді жетілдіру туралы

ҰАО және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің кездесуінде Халал өнімдерін өндіру жүйесін ретке келтірудегі рухани және нарықтық тетіктердің аражігін ажырату туралы мәселе талқыланды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҰАО Бас директорының орынбасары Әбсамат Әкімов, әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы және Департаменттің бас маманы Дастан Молдыбаев, сертификаттау органдары департаментінің бағалаушысы Бағлан Құттыбаев Бас мүфти орынбасары Решат Оңғармен және “Халал Даму” ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлымен кездесу және әңгімелесу барысында мүфтияттың мәртебесін Халал саласындағы реттеудің қатысушысына рухани-діни аспектіде көтеру мәселесін талқылады.

Бүгінгі таңда ҚМДБ мүфти жанынан Халал өнімдерін сертификаттаумен айналысатын “Халал Даму” ЖШС жұмыс істейді.

Алайда, қабылданған Халықаралық Халал OIC/SMIIC стандарттарында Халал мәселелері жөніндегі уәкілетті органға нормаларды белгілеу бойынша нақты талаптар бар.

Қазақстан жағдайында мұндай органның рөлін ҚМДБ-ға беру орынды, осыған байланысты ҰАО өкілдері мүфтияттың сертификаттау жөніндегі қызметтен бас тартуы және халалды реттеу бөлігінде стратегия мен саясатты айқындау деңгейіне көтерілуі туралы өз пайымдауын баяндады.

Бұл жағдайда мүфтият ҰАО-мен бірге аккредиттеу процестеріне қатыса алады және Халал саласындағы техникалық сарапшылар болып табылатын тұлғаларды аккредиттеу органына жібере алады.

Осылайша, Қазақстандағы Халал саласы діни қауымдастық негізінде сенім қатынастарынан бастап тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы менеджменті жүйелерінің, санитарлық, гигиеналық нормалардың, қызметкерлерді басқарудың және т.б. талаптарын орындау деңгейіне дейін кеңейтілетін болады, олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін әрқашан ескерілмеген.

– Бұл жағдайда біз 50-ден астам мемлекетті біріктіретін Ислам елдерінің стандарттар және метрология институты – SMIIC стандарттарын қолдану арқылы халалды реттеудің неғұрлым сенімді платформасына көшеміз. Бұл Халалды сапа тізбегінің шыңына айналдырады, – дейді Алматы Орынғалиұлы. – Осы себепті, 2020 жылдың басынан бастап алғашқы кездесулерден-ақ ҰАО халал мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ретінде ҚМДБ рөлін күшейтуді талап етеді. Бұл ретте сертификаттар беру Халал өнімдер мен қызметтер өндірісіне қатысты ислам талаптарын орындауды ілгерілету үшін ҚМДБ ресурстарын босату үшін нарықтық қатынастар субъектілерінің ғана құзыретіне айналуы тиіс.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button