Әліби Жангелдин көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында, бірден екі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан. Сарыарқа даңғылынан басталып, Жеңіс даңғылын және Желтоқсан, Сабыр Рақымов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2575 метр.
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері.