Қобыланды көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында орналасқан. Ғабиден Мұстафин көшесінен бастау алады. Ұзындығы – 1582,6 метр.
Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры. Халық жадында сақталған әңгімелерде, шежірелерде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.