Нұрхан Ахметбеков көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданында орналасқан. Қордай көшесінен басталып, Бесшалқар көшесінде аяқталады. Сүтбұлақ, Алқоңыр, Ақтоған орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 927 метр.
Нұрхан Ахметбеков – композитор, әнші, домбырашы. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол — Қазақстанның халық ақыны.